Алматыда үш күнде 370-тен аса теміржолшы қан тапсырды

Алматыда үш күнде 370-тен аса теміржолшы қан тапсырды
kazache.ru

Үш күнде 370-тен аса теміржол қызметкері жаппай тәртіпсіздік барысында зардап шеккендер үшін қан тапсырды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz. 

Игі бастама әлі де жалғасып жатыр. Алғашқы донорлар атыраулық теміржолшылар болғанын еске саламын. Жалпы, қан тапсырып, донор болуға барлық өңір ниет білдірген.

 - Бүкіл Қазақстанға осындай ауыртпалық түскенде, әрбір Қазақстан азаматының міндеті деп ойлаймыз. Жолдасымыз екеуміз келіп отырмыз. Екеуміз де жұмыс жасаймыз. Қолымыздан келген көмек осы болған соң, келіп қан тапсырып жатырмыз, - дейді теміржолшы Манас Аманов.