Алматыда кальян қолданған ойын-сауық мекемелері жауапқа тартылды

Алматыда кальян қолданған ойын-сауық мекемелері жауапқа тартылды
Сурет: Мoskalyan.com

35 мекеме иесімен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Алматыда қонақтары кальян шеккен ойын-сауық мекемелері жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаланың ойын-сауық мекемелерінде кальянды қолдану бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған профилактикалық іс-шара аясында аудандық бөлімшелерге қарасты ЖПҚБ УПИ қызметкерлері, қоғамдық көмекшілер мен «Темекісіз Алматы» коалициясының өкілдері түнгі уақытта жазғы кафелер, барлар мен мейрамханаларды тексерді.

Тәулік ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы (Темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салуды бұзу) бойынша 32 заң бұзушылық анықталды.

«Бұл шара Алматы қаласының барлық жазғы мекемелерінде кальянды тұтынуды тоқтатуға оң серпін алғанша жалғасады», – деді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ бастығы Ержан Ұзабаев.