Алматыда қалта ұрылары ұсталды

Алматыда қалта ұрылары ұсталды
Сурет: Tengrinews.kz

Ұрының үшеуі де әйел.

Алматыда қалта ұрылары ұсталды, – деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы полициясының қызметкерлері қалта ұрлығымен айналысқан үш әйелді ұстады.

«Қалалық қоғамдық көліктерде Жамбыл және Алматы облыстарының тұрғындары ұрлық жасап жүрген. Көбінесе Райымбек даңғылымен жүретін маршруттарды пайдаланған. Осындай саяхаттардың бірі қоғамдық көлік ішінде орнатылған бейнекамераға түсіп қалған. Ұсталғандардың бірі – 37 жастағы Ж.есімді азаматша. Ол полицияда ұры ретінде тіркелген. Иә, бұрын да осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін сотты болған. Қылмыстың сыбайластары 37 жастағы және 36 жастағы заңды бірінші рет бұзып тұрған жоқ. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды. Сонымен қатар ұсталған адамдардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатырмыз», – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция Басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Оның айтуынша, күдіктілер Наурызбай аудандық Полиция басқармасы жедел уәкілдерінің көмегімен ұсталды. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 188-бабымен қылмыстық іс тіркелді.