Алматының бас шыршасы жағылды

Алматының бас шыршасы жағылды
Сурет: Қайрат Қонысбай

Қаланың бас шыршасын жағудың салтанатты рәсімі Абай алаңында өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Шырша шамдары ресми іске қосылған соң, қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама болды. Алматы тұрғындары мен қонақтарының алдында «Жігіттер» тобы, «Shamis» тобы, Данияр Өтеген, Айгерім Қалаубаева, Мұхтар Ханзада, Kalifarniya, т.б танымал әншілер өнер көрсетті.

Сондай-ақ, Аяз ата, Ақшақар және келесі жылдың символы – Қоян ретінде киінген аниматорлар алматылықтардың көңіл-күйін көтерді. Мерекелік шараға қатысушылар үшін жедел басып шығаратын арнайы фото-будкалар, суретке түсуге арналған аймақтар және жаңажылдық жәрмеңке де ұйымдастырылды.