Алматыда кәсіпкерлік бастамасы бар қыз-келіншектер тігін мен кондитерлікті тегін меңгере алады

Алматыда кәсіпкерлік бастамасы бар қыз-келіншектер тігін мен кондитерлікті тегін меңгере алады Сурет: Ашық дереккөз

«Мен Кәсіпкер»  ұлттық жобасы


Өңірлік кәсіпкерлер палатасына қарасты Алматы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы жұмысшы мамандықтары бойынша тегін курстар өткізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



 «Біз кәсіпкерлеріміздің қалауын ескере отырып, тегін оқыту курстарын анықтаймыз. Биылғы жылы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының клиенттері арасында жүргізілген сауалнамаға сәйкес, тігін және кондитерлік курстарға өтініштер көбірек түскен. Жақында осы бағыттар бойынша курстар ұйымдастырамыз. Алдағы жылдың үшінші және төртінші тоқсанында тағы бірнеше оқу курстары жоспарланған», – деп түсіндірді орталықтың менеджері Әсел Жарасова. 



Маман өткен жылы «пішу және тігінші», «кондитер-декоратор» және «гүл өсіруші» курстарында өз ісін ашып, дамыту мақсатында 60-тан астам қыз-келіншек жұмысшы мамандықтары бойынша білім алғанын еске салды. Олардың барлығы оқуды сәтті аяқтап, сертификаттарға ие болды.




«Курс өте жақсы өтті. Кәсіпкерге де, флористке де көптеген танымдық дүниелер білдік. Кәсіпкердің өзі, жаттықтырушының қырлары неде, қандай қателіктер бар екенін жете түсіндіріп берді. Негізгі курс бойынша біз көптеген пайдалы ақпарат пен дағдылар алдық. Жаттықтырушыға және Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығына ерекше алғыс айтамыз. Орталық әйелдерге қамқорлық жасайды, бұл тек қамқорлық емес, бұл әйелдің білім алуына, тұлға болып өсуіне мүмкіндік», – деді флористика курсының қатысушысы  Камила Өтепбергенова.



Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының төрағасы Әуез Тәймбетов «Атамекен» ҰКП 2023 жылдың басынан бастап кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған «Мен Кәсіпкер»  ұлттық жобасы аясында кәсіпкерлікті дамыту құралы бойынша қызмет көрсетіп келе жатқанын атап өтті.


Бірінші бағыт – Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы кәсіпкер әйелдерге немесе 18 жасқа толған кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдерге түрлі қызмет түрлерін көрсетеді. Атап айтқанда, консультациялар, кәсіптік және іскерлік оқытуды ұйымдастыру, сондай-ақ қолөнердің дәстүрлі түрлеріне оқыту, тәлімгерлік, қаржыландыруды тарту бойынша оқыту, әйелдер кәсіпкерлігі өкілдерінің халықаралық жобаларға қатысуына жәрдемдесу қызметтері (кәсіпкер әйелдерді ақпараттандыру), «Бір ауыл – бір өнім.



Сондай-ақ оңтүстік астанада «Бақытты отбасы» орталықтарында көп балалы әйелдерге кәсіпкерлік әлеуетін іске асыруға көмектесуге бағытталған «Іскер ана» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Сондай-ақ бағдарламаға қатысушылар құқықтық және консультативтік көмек алады. Бағдарлама аясында 2613-тен астам адам тұлғалық өсу, көшбасшылық, бизнес және психология бойынша базалық тренингтерді, 2810-ы көпбалалы отбасыларды оқыту курстарынан өтті.


Әйелдер кәсіпкерлігі ШОБ секторындағы жұмыс орындарының 31%-ын және Қазақстанның ЖІӨ-нің 14,6%-ын қамтамасыз етеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58