Алматыда кәсіпкерлерді алдады деген күдікпен жас әйел ұсталды

Алматыда кәсіпкерлерді алдады деген күдікпен жас әйел ұсталды Сурет: Center-grad.ru

22 жасар әйел кәсіпкерлерді 30 миллион теңгеге алдап кеткен.


Алматы полицейлері қаладағы кәсіпкерлерді алдады деген күдікпен жас әйелді ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ішкі істер министрлігінің ресми сайтындағы мәліметтер бойынша, Алматы қаласы Алмалы ауданының полицейлері өзін ұялы телефондардың сатушысы ретінде көрсеткен 22 жастағы А.есімді азаматша көтерме жеткізушілерден мобильді құрылғыларды алып, ұстатпай кеткен. Нәтижесінде телефон да жоқ, ақша да жоқ, кәсіпкерлер жер сипап қалған.



«4 жеке кәсіпкер полицияға ресми түрде арызбен жүгінді, олар келтірілген материалдық шығынды 30 миллион теңгеге бағалады. Күдікті ұсталды және ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның жеке басының басқа да осыған ұқсас эпизодтарға қатыстылығы тексерілуде. Осыған байланысты басқа да жәбірленушілер болса, тергеушілерге мына телефон нөмірлері арқылы хабарласа алады: 8-708-707-92-02 және 8-705-555-77-63», – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55