Алматыда із-түзсіз жоғалған 15 жастағы нигериялық қыз табылды

Алматыда із-түзсіз жоғалған 15 жастағы нигериялық қыз табылды
Сурет: Polisia.kz

Олар Алматы қаласында 2021 жылдың қаңтар айынан бастап тұрады

Алматыда із-түссіз жоғалған 15 жасар нигериялық қыз табылды, – деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Әуезов аудандық полиция басқармасына полиция бөлімшесінен хабарланғандай 12 қыркүйекке қараған түні қаладағы жалпы білім беретін мектептердің бірінде оқитын 15 жастағы оқушы жоғалып кеткен.

«Қыздың анасы 102 пультіне түнгі 01:40 минуттар шамасында қоңырау шалған. Әйелдің айтуынша, қызы үйде болған жанжалдан кейін кетіп қалған. Кәмелетке толмаған баланың жоғалғанын ескеріп, арнайы іздестіру тобы құрылды. Абырой болғанда, қыз табылып, ата-анасына аман-есен тапсырылды», – деді полиция бөлімшесінің бастығы Елнұр Құдретбаев.

Спикердің айтуынша, оқиғаның мән-жайы мен себептерін егжей-тегжейлі зерделеу барысында отбасының тәрбиелі екендігі анықталды. Олар Алматы қаласында 2021 жылдың қаңтар айынан бастап тұрады.