Алматыда ірі көлемдегі айыппұлы бар жүргізуші ұсталды

Алматыда ірі көлемдегі айыппұлы бар жүргізуші ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Полиция қызметкерлері құқық бұзушыны “Қорғау – Қауіпті жүргізуші” автоматтандырылған жүйесі арқылы анықтады.

Алматыда қауіпті жүргізушілерді анықтау жалғасуда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, патрульдік қызметкерлер жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 340 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуден жалтарған Hyundai көліктің иесін анықтады. Көп жағдайда жүргізуші жылдамдықты бұзған. Құқық бұзушының көлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.

«Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматы полициясы мемлекеттік жалған нөмірлерді пайдаланатын, көліктерге арнайы белгі беру құрылғыларын орнатқан, көлікті мас күйінде басқарған және төленбеген айыппұлдары бар көлік жүргізушілерін анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіп жатыр. Жыл басынан бері “Қорғау – Қауіпті жүргізуші” кешені қала жолдарында 4123 құқық бұзушылықты анықтады», – деді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ бастығы Ержан Ұзабаев.

Тәртіп сақшылары азаматтарға әкімшілік айыппұлдарды уақытылы төлеуге  және жол қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтауға шақырады.