Алматыда ірі көлемде есірткі сатқан әйел ұсталды

Алматыда ірі көлемде есірткі сатқан әйел ұсталды

Алматы полицейлері ірі көлемде есірткі сатқан күдіктіні ұстады.

Есірткі, психотроптық заттарды заңсыз сатқан деген күдікке Ж. есімді азаматша ілікті. Ол "Сайран" ықшамауданындағы үйлердің бірінің маңында жедел іздестіру іс-шаралары барысында ұсталды.

«Жеке тінту кезінде одан ерекше иісі бар зат табылды және тәркіленді. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген зат – психотроптық есірткі. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Қылмыстық істің басқа да мән-жайы ҚР ҚПК-нің 201-бабы және ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес жария етуге жатпайды.