Алматыда интернет-алаяқтары сот алдында жауап беретін болды

Алматыда интернет-алаяқтары сот алдында жауап беретін болды
Cурет: Kapital.kz

41 адам полицияға арыз түсірген

Жұп Алматыда тіркелген микро қаржы ұйымына қатысты алаяқтық жасады деп күдікке алынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы қалалық Полиция Департаменті Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Ұсталған жұп 2019 жылдан бері тауарларды сатып алуға ақша аударуды сылтауратып, интернет-дүкендері сатушыларынан ЖСН мен банк картасының деректемелерін алғаны анықталды.  

«Азаматтардың (сатушылардың) төлқұжат деректерін қолдана отырып, олар МҚҰ сайтында онлайн режимде шағын несие алуға өтінім берген.  Ақшаны алған соң, қайтадан сатушыларға хабарласып, оларға байқаусызда ақша аударғанын айтады және жіберілген қаржыны басқа арнайы дайындалған банк картасына қайтаруды сұрайды.  Осылайша олар 41 азаматтың төлқұжат деректері бойынша жалпы сомасы 4 миллион 025 мың теңгеге шағын несие рәсімдеген», - дейді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Рүстем Әбдрәхманов.

 МҚҰ полицияға 41 адам төлемді кешіктіргеннен кейін арыз түсірген.  Барлық «қарыз алушыларды» тапқан полиция, олардың несие алуға қатысы жоқтығын анықтады.  Артынша, 1995 жылы туған А.есімді азамат пен 1994 жылы туған М.есімді азаматша анықталып, ұсталды.

 Күдіктілерге қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды.  Оның материалдары үкім шығару үшін сотқа жіберілді.  Күдіктілер қамауда.