Алматыда гүл сататын дүкен өртенді

Алматыда гүл сататын дүкен өртенді
Сурет: интернеттен

Өрт сөндірушілердің арқасында өрт көрші үй-жайларға тараған жоқ.

Сондай-ақ өртті сөндіруге 10 құтқарушы мен қалалық төтенше жағдайлар қызметінің екі техникасы жұмылдырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бүгін таңертең Алматыдағы Достық даңғылында гүл сататын дүкен өртенді. Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті дүңгіршектің көлемі 25 шаршы метрді құрайтынын түсіндірді. Ол 08:51-де өртке оранды.

«Сағ.09-06-да өртті оқшаулады. Зардап шеккендер жоқ», деп мәлімдеді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ өртті сөндіруге 10 құтқарушы мен қалалық төтенше жағдайлар қызметінің екі техникасы жұмылдырылғаны айтылды. Департамент қызметкерлерінің күш-жігерінің арқасында өрт көрші үй-жайларға таралмады.