Алматыда ғылымды дамытудың өзекті мәселелері талқыланды

Алматыда ғылымды дамытудың өзекті мәселелері талқыланды
Сурет: Ашық дереккөз

Ғалымдардың жалақысы екі есеге артты

Алматыдағы «Ғылым ордасында» Мемлекет басшысының ғылымды дамыту саласындағы тапсырмаларын талқылауға арналған ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің кеңесі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Оған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, академиктер мен ғалымдар, сондай-ақ ғылыми қоғам өкілдері қатысты.

Саясат Нұрбек басқосуда Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру барысын баяндады.

«Ғалымдардың жалақысы екі есеге артты (252 мың теңгеге дейін). Президенттің тапсырмасы бойынша іргелі зерттеулермен айналысатын ҒЗИ-ға тікелей қаржыландыру енгізілді. Министрлік 2023-2025 жылдарға арналған гранттық қаржыландыруға үш байқау жариялады. Бұдан былай гранттық және мақсатты қаржыландыру конкурстары бұрынғыдай үш жылда бір рет емес, жыл сайын өткізілетін болады», - деді министр.