Алматыда Ғазиза Жұбанованың 95 жылдығына орай концерт өтеді

Алматыда Ғазиза Жұбанованың 95 жылдығына орай концерт өтеді
Сурет: Vechastana.kz

Аталмыш шара Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында өтеді.

3 мамыр  күні Алматыдағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Еркеғали Рахмадиев атындағы үлкен концерт залында Ғазиза Жұбанованың 95 жылдығына орай концерт өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Ақтөбе облыстық филармониясының ұйымдастыруымен КСРО-ның халық артисі, композитор Ғазиза Жұбанованың 95 жылдығына орай ҚР мемлекеттік наградасының иегері, халықаралық байқаулардың лауреаты қазақ камералық хорының  «Жыр жазамын жүрегімнен» концерті өтеді», - делінген хабарламада.

Көркемдік жетекшісі және дирижері – Мербол Құспанов.

Хормейстерлері – Лейла Кущанова, Мәди Абишев.

Концертмейстер –  Элеонора Пак.

Концерттік бағдарламада жеке дауыста «Құрмет» орденінің иегері, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының солисі Зарина Алтынбаева, ҚР Мәдениет саласының үздігі Шәрігүл Өтегенова,  Гүлжан Жұбанышева, Өркен Сағиев, Серік Жұбатқан өнер көрсетеді.

Бағдарлама барысында Ғазиза Жұбанованың  «Жыр жазамын жүрегімнен», «Жалғыз емен», Ахмет Жұбановтың «Қарлығаш», «Ақ Шолпан», халық әні «Самал тау», Тәңірберген Молдабайдың әні «Молдабай», орыс халық әні «Ах, Самара городок», әзірбайжан халық әні «Nә baxirsan» т.б. қазақ, орыс және шетел композиторларының әндері орындалады.

Өтетін уақыты: 3 мамыр, сағат 19:00.