Алматыда гандболдан 20 жасқа дейінгі қыздар арасында ұйымдастырылған Азия чемпионаты аяқталды

Алматыда гандболдан 20 жасқа дейінгі қыздар арасында ұйымдастырылған Азия чемпионаты аяқталды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Чемпионат бір апта бойы жалғасты

Додаға 5 мемлекеттен барлығы 100-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынасты. Жарыста Қазақстан құрамасы жоғары өнер көрсетіп, командалық есепте 3-орынға табан тіреді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ға сілтеме жасап. 

Алайда спортшыларымыз Азия чемпионатының қола жүлдегері атанса да, шілде айында Словенияда өтетін әлем біріншілігіне баратын жолдамадан қағылды. Себебі аталмыш чемпионатқа 1-ші және 2-ші орын алғандар ғана барады. Бұл мүмкіндікке Иран мен Үндістан қыздары қол жеткізді. Десе де, отандастарымыз жарыста өзгелермен тең дәрежеде өнер көрсетіп, лайықты қарсылас атанды.     

«Қазақстанда гандбол спорты ерлер мен қыздар арасында жақсы өсіп, дамып келе жатыр. Қазір елімізде ерлер арасында 24 топ, әйелдер арасында 23 топ бар», - деді ҚР Гандбол федерациясының президенті Гүлнәр Тұрлыханова.

Айта кетейік, бұл чемпионатқа Азия фавориті саналатын Жапония, Оңтүстік Корея және Қытай спортшылары өз елдеріндегі коронавирустық жағдайға байланысты қатыса алмады.