Алматыда ғалым әйелдер туралы энциклопедияның таныстырылымы өтті

Алматыда ғалым әйелдер туралы энциклопедияның таныстырылымы өтті Сурет: Ашық дереккөз

Ғалым әйелдер қоғамдық бірлестігінің жаңа мүшелеріне куәліктер мен алғыс хаттар табысталды


ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстандық ғалым әйелдер қоғамының ұйымдастуымен «Ғалым әйелдердің заманауи қазақстандық қоғам дамуына косқан үлесі» атты дөңгелек үстел мен «Белгілі Қазақстандық ғалым әйелдер қоғамы» энциклопедияның тұсаукесері рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Шараны филология ғылымдарының докторы, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, Қазақстандық ғалым әйелдер қоғамдық бірлестігінің президенті Аяпова Таңат Тәңірбердіқызы және педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Иманғожина Өрік Зейнуллақызы жүргізді.

Шарада Қазақстандық ғалым әйелдер қоғамдық бірлестігінің президенті Таңат Аяпова бірлестіктің жұмысына тоқталып, қатысушыларға алғысын білдірді. Сонымен қатар «Белгілі Қазақстандық ғалым әйелдер қоғамы» энциклопедиясының тұсаукесер рәсімі жасалып, Қазақстандық ғалым әйелдер қоғамдық бірлестігінің мүшелері мен ҚР Ұлттық кітапханасының қорына табысталды.





Жиын барысында Қазақстан Еңбек Ері, «Алтын жұлдыз», «Отан» ордендерінің иегері, профессор Аягүл Миразова «Қоғам дамуында жас ұрпақ тәрбиесіндегі қыз балалар үлгісі» тақырыбында баяндама жасады. Сонымепн қатар қоғамдағы қазақ әйелдерінің алар орыны мен олардың қоғамның дамуына қосып жатқан үлесі жайлы баяндамалар жасалды.


Дөңгелек үстел офлайн және онлайн форматында өтті.


 Шара соңында Қазақстандық ғалым әйелдер қоғамдық бірлестігінің жаңа мүшелеріне куәліктер мен алғыс хаттар табысталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55