Алматыда FEMO International халықаралық олимпиадасы өтуде

Алматыда  FEMO International халықаралық олимпиадасы өтуде
Сурет: 24.kz

Олимпиада 1-5 сынып оқушыларына арналған. 

Биыл оған есту қабілеті нашар балалар да қатысуға мүмкіндік алды. Байқау шарттарын арнайы мамандар түсіндіреді.  Оған қатысуға әлемнің 16 елінен 3 мыңнан бала ниет білдірген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Соның 400-ге жуығы іріктеу кезеңінен өткен.

24.kz ақпаратынша, Алматыға Тәжікстан Грузия, Германия елдерінен шәкірттер арнайы келді. Ал оннан аса мемлекеттің қатысушылары байқауға қашықтан қатысып жатыр. Осыған орай есеп шарттары бірнеше тілге аударылды. Байқау 3 күн жалғасады. Жеңімпаздарға арнайы дипломмен қоса бағалы сыйлықтар табысталады. 

«Біз Германиядан 3 бала алып келдік. Олардың біреуінің есту қабілеті нашар. Оған сурдоаудармашы көмектеседі. Яғни есеп шарттарын балаға өзінің тілінде түсіндіріп береді. Бұл байқау осы балақайлардың математикаға деген  қызығушылығын арттыра түседі деп ойлаймын. Сонша жерден келіп, қатысып жатқаныма қуаныштымыз. Балалар сіздердің елмен танысып қайтады», - дейді германиялық Светлана Нордгеймер.