Алматыда Фархат Әбдірайымовты еске алу кеші өтті

Алматыда Фархат Әбдірайымовты еске алу кеші өтті
сурет:ult.kz

Танымал кино актері Фархат Әбдірайымов көзі тірі болса, 57 жасқа толар еді.

Алматыда белгілі кино актері Фархат Әбдірайымовтың туған күніне орай еске алу кеші өтті. Өнер майталманы көзі тірі болса, 21 қаңтарда 57 жасқа толар еді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Кеш барысында актердің туған-туыстары, жақын достары мен әріптестері жылы естеліктерімен бөлісті. Көрермендерге «Досым» (2023) деректі фильмі мен 1999 жылы экранға шыққан «Фара» көркем фильмі көрсетілді.

«Фара жай ғана ақкөңіл, қарапайым адам болған жоқ, ол әрқашан жақсылық жасауды ту еткен азамат еді. Ол өз ісінің кәсіби маманы еді, халқы оны қатты жақсы көрді, ешқашан ұмытпайды», - деді кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сергей Әзімов.  

Айта кетелік, Фархат Әбдірайымов 2021 жылдың мамырында Грузияда түсірілім барысында көз жұмды. Фархат Әбдірайымов «Шанхай», «Ақсуат», «Махаббат тәлкегі», «Сиқыршы демеуші», «Жел адам», «Шекара», «Параллель әлем», «Гейзер», «Үш лимон», «Батыр», «Ең сұлу», т.б көптеген фильмдерге түскен.