Алматыда ер адам жалға алған компьютерлерді сатып жіберген

Алматыда ер адам жалға алған компьютерлерді сатып жіберген
Сурет: Polisia.kz

Алматыда ер адам жалға алынған құрал-жабдықтарды қайта сатқан


Тәртіп сақшыларының айтуынша, 25 жастағы Г. есімді азамат сайтқа компьютерлік техниканы жалға беру туралы хабарландырулар орналастырған. Рәсімдеу үшін өз қолымен жасалған келісімшарт та дайындаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Компьютерлік клуб ашпақ болып алған компьютерлерді содан кейін қайта сатып жіберген.

«Төрт жәбірленуші полицияға арызданған. Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті қолға түсті. Қазіргі уақытта тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді тергеу шаралары жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлімі бойынша тіркелді. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен екі миллион теңгені құрады», – деді Жетісу аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Асхат Дәулетияров.