Алматыда ер адам бұрынғы әйелін автобуста пышақтамақ болды

Алматыда ер адам бұрынғы әйелін автобуста пышақтамақ болды
Сурет: Inform.kz

Алматыда ер адам автобуста бұрынғы әйеліне пышақ салмақ болды.

Оның әйелмен сөз таластырып тұрғаны, кейін пышақ шығарып, шабуыл жасағаны автобус ішіндегі камераға түсіп қалған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Оқиға 31 шілде күні кешкі сағат 22:30-да Саин және Рысқұлов көшелерінің маңында № 38 автобуста болған. Ер адам бұрынғы әйеліне пышақ салмақ болды»,- деп жазды желі қолданушы.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, атлған факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

«Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Кешенді тергеу шаралары жүріп жатыр. Нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады», – деп хабарлады полициядан.