Алматыда электрмен, сумен жабдықтау және жылыту желілері қайта жаңғыруда

Алматыда электрмен, сумен жабдықтау және жылыту желілері қайта жаңғыруда
Сурет: Podrobno.uz

14 шағынауданда сумен жабдықтау және кәріз желілерінің құрылысы жалғасады.

Алматы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев мегаполистің инженерлік инфрақұрылымын дамыту туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Спикердің айтуынша, ағымдағы жылы 14 шағын ауданда сумен жабдықтау және кәріз желілерінің құрылысы жалғасады, ал алты шағынауданда жаңасы басталады.

«Бұдан басқа, Қарғалы өзенінде жобалық қуаты тәулігіне 15 мың м3 су алатын су тарту құрылысының құрылысы жүзеге асырылуда. Ақсай өзеніндегі жерүсті көзі бойынша 2022 жылы жобалық қуаты тәулігіне 22 мың текше метр су тарту құрылысын салу жоспарлануда. Бостандық ауданында жобалық қуаты тәулігіне 9 мың текше метр су жинау нысаны мен су дайындау станциясының (Ерменсай) құрылысы жобалануда. Сараптама қорытындысын алу 2022 жылдың наурыз айына жоспарланған», - деді Мұхит Әзірбаев.

Әкім орынбасарының айтуынша, биыл 1 066 көше мен 486 аула аумағында сыртқы жарықтандыру құрылысы аяқталады, жыл ішінде 24 көшені жарықтандыру жаңартылды.

Мұхит Әзірбаевтың айтуынша, биыл Медеу, Алатау және Наурызбай аудандарында жалпы ұзындығы 147,2 км электр желісін реконструкциялау аяқталады.

«Екі жаңа қосалқы станцияның құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде: Бостандық ауданындағы 200 мың тұтынушыны қамти отырып, Алмагүл ҚС бойынша – 100 МВт, Медеу және Түрксіб аудандарындағы 200 мыңға жуық тұтынушыны қамти отырып, Тұздыбастау ҚС бойынша – 64 МВт қуаттылықтың өсуі», - деп нақтылады ол.

Сондай-ақ, Жетісу ауданында жалпы қуаты 50 МВт «Кирпичная» ҚС бойынша конкурстық үрдістер басталды.

Әкімнің орынбасары атап өткендей, жылумен үздіксіз қамтамасыз ету және жылу энергиясының тапшылығын жою үшін қазандықтардың қуатын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде: 2019 жылы басталған негізгі және қосалқы жабдықты ауыстыра отырып, «Оңтүстік аудандық қазандықты» қайта жаңарту 55 Гкал/сағ қуат өсімін қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, өткен жылы «Премьера» қазандығын кеңейту бойынша жұмыстар басталды, оның қуаты 100 Гкал/сағ.