Алматыда ел үшін тағдыршешті шешімдер қабылданды – қоғам қайраткері

Алматыда  ел үшін тағдыршешті шешімдер қабылданды – қоғам қайраткері
Cурет: Алматы әкімдігі

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы 

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Алматы - Тәуелсіздіктің алтын бесігі» мерекелік іс-шарасына қатысқан қоғам қайраткері, Алматы қаласының Құрметті азаматы  Асылмұрат Тұрғанбеков өз әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған іс-шарадан зор ләззат алдым. «Алматы - Тәуелсіздіктің алтын бесігі» - концертке лайықты атау. Біздің қаламызда ел үшін тағдыршешті шешімдер қабылданды, жаңа мемлекеттің қалыптасуының маңызды кезеңдері өтті, мемлекеттілікті нығайтатын Конституция қабылданды. Бүгін бұл туралы бірнеше рет айтылды. Іс-шараны ұйымдастырудан, акустикадан және орындаушылардың өзінен және попурри орындаудан өте жақсы әсер қалды»,-деді ол.