Алматыда екі көшенің бойымен жүруге шектеу қойылады

Алматыда екі көшенің бойымен жүруге шектеу қойылады
Сурет: Іc24.kz

Уақытша шектеу.

Алматының Алмалы ауданындағы екі көшенің бойындағы өткел жылу желілерін қалпына келтіру кезінде уақытша жабылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«12 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында Алматы қаласының Алмалы ауданында Досмұхамедов көшесінің бойымен (Жамбыл көшесінен Шевченко көшесіне дейін) және Шагабутдинов көшесінде (Қабанбай батыр көшесінен Жамбыл көшесіне дейін) көлік құралдарының қозғалысы шектеледі», - деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС.

Енгізілген шектеулер аталған көше сегменттерінің жүріс бөлігінің астынан өтетін магистральдық құбырды қайта құру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет.

Жергілікті тұрғындардың жайлы жағдайын қамтамасыз ету үшін үйлерге ыстық су уақытша құбыр арқылы беріледі.

Қала тұрғындарынан қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және аталған көше учаскелерін айналып өту схемасын алдын ала қарауды сұрайды.