Алматыда екпе алғандар 1 миллионға жуықтады

Алматыда екпе алғандар 1 миллионға жуықтады
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласында бір тәулікте 4272 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«19 қазан күні 4272 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 1581, II компонентін 2691 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында тұр. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 19 қазан аралығында қалада 981 365 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 917 766 адам екінші компонентін салдырған. Олардың ішінде 119 875 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Қалада 160 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.