Алматыда екінші жылу электр ортылығын газға ауыстыру жоспарланған

Алматыда екінші жылу электр ортылығын газға ауыстыру жоспарланған
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Бұл 2025 жылға қарай ластаушы заттар шығарындыларын 80% пайызға төмендетуге мүмкіндік береді - министр.

 2030 жылға дейін ауаны ластайтын өнеркәсіп шығарындысы 9,1% пайызға төмендету жоспарланған. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Министрдің айтуынша, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын іске асыруға 89,3 млрд теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 27,6 млрд, жергілікті бюджеттен 15 млрд және бюджеттен тыс 46,7 млрд теңге көзделген. Ал биыл ұлттық жоба шараларын іске асыруға 160,9 млрд теңге жоспарланған.

«Атмосфералық ауа сапасын жақсарту» бойынша бес жылда 10 ірі қалада 16 ірі кәсіпорынның шығарындысы 20% пайызға қысқарту көзделіп отыр. Былтыр 16 кәсіпорын атмосфералық ауаға 655 мың тонна ластаушы зат шығарды, бұл 803,8 мың тонна лимит кезінде 2020 жылғы деңгейден 3% пайызға төмен. Биылғы 6 айда кәсіпорындардың эмиссиялары 293,2 мың тонна болды, бұл өткен жылғы кезеңнен 6,7% пайызға төмен. Бұл көрсеткішке табиғаты қорғау шараларымен қатар өнеркәсіпті модернизациялау есебінен қол жеткізілді. Ол үшін кәсіпорындар өз қаржысынан 15,4 млрд теңге бөлді», - деді Экология министрі.

Мысалы, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шаң тазалау жабдықтарын жаңартып, қазандық агрегаттарының электр сүзгілеріне жөндеу жүргізген. Бұл шығарындыны 1,1 мың тоннаға азайтуға мүмкіндік берді. Әктасты ұсақтау корпусының шаң тазалайтын жабдықтарын қайта құру және электр сүзгілерін орнату арқылы агломератты жентектеу аймағының газ жолын қайта жаңарту жұмыстары биыл аяқталады. Жалпы, кәсіпорын бойынша 2025 жылға 30% пайызға төмендету жоспарланып отыр.

«Алматыда екінші жылу электр ортылығын (ТЭЦ-2) газға ауыстыру жоспарланған, бұл 2025 жылға қарай ластаушы заттар шығарындыларын 80% пайызға төмендетуге мүмкіндік береді. Атырау мұнай өңдеу зауытында каталитикалық крекингтің түтін газын тазалау және отын газын амин қышқылымен тазарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл ластаушы заттардың шығарындыларын 3,6% пайызға төмендетуге мүмкіндік береді. Жалпы 2030 жылға дейін 9,1% пайызға төмендетілмек», - деді Серікқали Брекешев.