Алматыда екі есірткі қылмысының жолы кесілді

Алматыда екі есірткі қылмысының жолы кесілді Сурет: Сentervasilenko.ua

Екеуінен де ірі мөлшердегі есірткі заттары тәркіленді.


Алматының екі ауданында есірткі қылмысының жолы кесілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Бірінші жағдайда 27 жастағы ер адам ұсталды. Оны жеке тінту кезінде полицейлер ақ түсті ұнтақты зат салынған буманы тәркіледі.



«ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл зат – аса ірі мөлшердегі синтетикалық есірткі. Белгілі болғандай, ұсталған азамат құрылысшы болып жұмыс істейді және есірткіні «өзіне» сатып алған. Тергеу барысында күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.



Ал қаланың Алмалы ауданында 40 жастағы жұмыссыз азамат ұсталды. Ол есірткіні қойып кетумен айналысқан.



«Жедел іздестіру іс-шаралары барысында есірткіні заңсыз сатып алды және сақтады деген күдікпен 40 жастағы Ж.есімді азамат ұсталды. Жеке тінту кезінде ішінде ақшыл түсті ұнтақты заты бар, қара изолентаға оралған 16 бума табылды және тәркіленді. Сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады», – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.



Ұсталған адамның айтуынша, бұл зат - интернет арқылы сатып алынған синтетикалық мефедрон есірткісі. Ол бумаларды мекенжайларға апару керек болатын. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55