Алматыда екі ер адам ломбард қызметкерлерін сан соқтырып кетті

Алматыда екі ер адам ломбард қызметкерлерін сан соқтырып кетті
Сурет: Polisia.kz

Екі ер адам ломбард қызметкерлерін алдап, тонап кеткен

Полицияға ломбард қызметкерлерінің бірнеше арызы түскеннен кейін, Алматы облысының 24 жастағы тумасы мен оның 20 жастағы “серігі” ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Қаскөйлер қаланың Алатау, Әуезов және Медеу аудандарында өз "іздерін" қалдырып кеткен. Күдіктілер ломбардқа кіріп, сатылымда тұрған ұялы телефондарды тексеру үшін көрсетулерін сылтауратып, қолдарына ұстай сала қашып кеткен. Кейбір жерлерде олардың заңсыз әрекеттері бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Қазіргі уақытта ұсталғандар жасаған қылмыстық құқықбұзушылықтың 5 дерегі дәлелденді. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі бойынша жүргізілуде», – деді Алатау аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Құмарбек Кеншінбаев.

Белгілі болғандай, ұсталғандардың бірі осыған ұқсас қылмысы үшін жазасын өтеп, түрмеден жақында ғана босап шыққан. Полиция қызметкерлері аталған азаматтардың әрекетінен зардап шеккендерді мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуға шақырады: 8-707-882-03-98; 8-747-167-60-60.