Алматыда ЕАЭО елдерінің мемлекеттік сатып алуларына қолжетімділік мәселелері талқыланады

Алматыда ЕАЭО елдерінің мемлекеттік сатып алуларына қолжетімділік мәселелері талқыланады
Сурет: Ашық дереккөз

Іс-шараға ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесі Бақыт Сұлтанов, Ресей Федерациясы Қаржы министрінің орынбасары қатысады.

2023 жылғы 1 ақпанда Алматы қаласында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы жанындағы Мемлекеттік сатып алулар жөніндегі консультативтік комитеттің көшпелі отырысы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Іс-шараға қатысушылар мынаы сұрақтарды талқылайды:

 "бестік" елдерінің өндірушілері мен жеткізушілерінің мемлекеттік сатып алуларға тең қолжетімділігі;
 мемлекеттік сатып алу бойынша банктік кепілдіктерді өзара тану;
 сатып алу процесін толық цифрландыру мақсатында ЕАЭО заңнамасын әзірлеу;
 сатып алудағы ұлттық режимнің жұмыс істеу принциптерін жетілдіру.

Inbusiness.kz-тің жазуынша, іс-шараға ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі Бақыт Сұлтанов, Армения Республикасы, Ресей Федерациясы Қаржы министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі, Беларусь Республикасы Монополияға қарсы реттеу және сауда министрінің орынбасары және бизнес өкілдері қатысады.