Алматыда доллар 448 теңгеден сатылуда

Алматыда доллар 448 теңгеден сатылуда
Сурет: Vlast.kz

Алматыда доллар 8 теңгеге өскен

Алматыда доллар 448 теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Кеше KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 6,65 теңгеге көтеріліп, 434, 47 теңге болып белгіленген болатын.

Ал бүгін Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 442.68, сатып алу – 448 теңгеге бағаланып жатыр.

Бұл 6 мамырдағы көрсеткішпен салыстырғанда АҚШ долларының 8 теңгеге өскені байқалады.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 6 мамырдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 427, 80 теңге болып белгіленген еді.