Алматыда дизель тапшылығы сезіле бастады

Алматыда дизель тапшылығы сезіле бастады
Сурет: Zakon.kz

Алматылық автокөлік иелері дизель тапшылығын сезіне бастады.

Бірақ қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы болса, қалада дизель тапшылығы жоқ деп мәлімдеді. Ал кейбір жанармай құю бекеттеріндегі қалыптасқан кезек өзге өңірлерден жүк көліктерінің келуіне байланысты болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Қазіргі уақытта қала әкімдігі Энергетика министрлігімен бірлесіп Алматыны дизельдік отынмен қамтамасыз ету жұмысын атқарып жатыр. Жанармайды көтерме сауда арқылы берушілермен және Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясымен өнімді жеткізуде ешқандай кедергілердің болмауы үшін мәселені назарға алдық. Дизель  тапшылығы жоқ», - дейді қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басшысының орынбасары Қанат Сағындықов. 

Тұрғындардың айтуынша, дизельдік жанармай тек талонмен ғана құйылады. Ал талон табудың өзі қиын. Оны әдетте жанармай құю бекеттерімен алдын ала келісім жасайтын мекемелер мен компаниялар сатып алады.

«Менің мопедім дизельмен жүреді. Дизель іздеп қаланы шарлап, 5 жанармай құю бекетіне бардым»

«Екі жетіден бері керекті дизельді құя алмай жүрмін. Мына жанар-жағармай құю бекетіне күнде келемін. Олар ертең болады деп айтады. Алайда бүгін де жоқ», - дейді тұрғындар.