Алматыда Дінмұхамед Қонаевты еске алу күні өтті

Алматыда Дінмұхамед Қонаевты еске алу күні өтті
almaty-akshamy.kz

Алматыда Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевты еске алу күні өтті.

Еске алу күні аясында Кеңсай зиратында құран оқылып, оның қала орталығында орналасқан бюстіне гүл шоқтары қойылды. Шараға Д. Қонаевтың туыстары мен жақындары, Алматы қаласы әкімінің орынбасары А. Қырықбаев, қоғам өкілдері, қала тұрғындары қатысты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Дәл осы күні Д. Қонаев музейінде жаңарған экспозиция бойынша экскурсия өтті. Мамандар көрнекті мемлекет қайраткерінің 110 жылдық мерейтойы аясында музейді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген болатын.

Еске салсақ, оның ашылуы реставрациядан соң ағымдағы жылдың 19 сәуірінде болған еді. Аталған жұмысқа еліміздегі музей және архив саласының жетекші мамандары, дизайнерлер, мүсіншілер, суретшілер, видеоинженерлер, т.б. тартылды. Жұмыс барысында жобаның тұжырымдамасы мен эскизі Д.А. Қонаевтың Халықаралық қорымен келісіп, әзірленді.