Алматыда «Дерек пен дәйек» атты кітаптың тұсаукесері өтті

Алматыда «Дерек пен дәйек» атты кітаптың тұсаукесері өтті
Сурет: Ашық дереккөз

Бүгін ҚР Ұлттық кітапханасында белгілі зерттеуші, этнограф, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы-зерттеуші, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі Дайрабай Тынышбек Майлыбайұлының туғанына 80 жыл толуына орай «Сыр елінің перзенті» атты шығармашылық кеші және мерейтой иесінің «Дерек пен дәйек» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жиын барысында Ұлттық кітапхананың директоры Бақытжамал Оспанова құттықтау сөзбен ашып, мерейтой иесіне ҚР Ұлттық кітапханасы дайындаған «Тынышбек Дайрабай» библиографиялық көрсеткішін сыйға тартты.



Сондай-ақ, шара барысында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары, ақын Бауыржан Жақып, жазушы, «Балбұлақ» журналының бас редакторы Мағира Қожақметова, тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚҰУ профессоры, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының акдемигі Берекет Кәрібаев, алаштанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы, «Арыс» баспасының директоры Ғарифолла Әнес, белгілі ұстаз Сәбит Иманғалиев, этнограф-ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты Тәттігүл Қаратаева, публицист-жазушы Көлбай Адырбек, журналист, филология ғылымдарының кандидаты Есенүл Кәпқызы сөз сөйледі.

Шара аясында Тынышбек Майлыбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.