Алматыда демалыс күндері жаңбыр жауады

Алматыда демалыс күндері жаңбыр жауады
Сурет: Ашық дереккөзі

Түнде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды

Синоптиктер 10-12 қыркүйекте Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

10 қыркүйекте Алматыда ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 2-7 м/с. Ауа температурасы - түнде +16...+18°С, күндіз +29...+31°С.

11 қыркүйек күні қалада көшпелі бұлт шығады. Кейде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады 3-8. Найзағай кезінде желдің екпіні 13 м/с. Ауа температурасы - түнде +16...+18°С, күндіз +23...+25°С.

12 қыркүйекте көшпелі бұлтты ауа райы сақталады. Түнде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады 3-8. Найзағай кезінде желдің екпіні 13 м/с. Ауа температурасы - түнде +10...+12°С, күндіз +18...+20°С.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, алдағы үш күнде Қазақстанның орталық бөлігінде аяз болады деп болжанды.