Алматыда қайырымдылық концерті өтті

Алматыда қайырымдылық концерті өтті
сурет: Аlmaty-akshamy.kz

Абай атындағы МАОБТ солистері Наурыз мерекесіне арналған концерт берді.

Алматы қаласындағы Оқушылар сарайында Наурыз мерекесіне орай дарынды балаларға арналған Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры жеке орындаушыларының қайырымдылық концерті өтті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Концертке қаланың барлық аудандарынан 550 дарынды бала шақырылды. Олардың арасында халықаралық, республикалық, қалалық зияткерлік олимпиадалардың, спорттық жарыстар мен шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар. 

 Сонымен қатар аталмыш іс-шара қала мектептерінің оқушыларын мәдени тұрғыда ағартуға және өсіп келе жатқан буынға патриоттық тәрбие беруге бағытталған. 

 «Бүгін мұнда оқуда ерекшеленген қаланың барлық аудандарының балалары  Алматы қаласы әкімдігі өткізетін мәдени шаралардың бірі.