Алматыда COVID-19 жұқтырған 109 бала ауруханада жатыр

Алматыда COVID-19 жұқтырған 109 бала ауруханада жатыр Сурет: Kun.uz

Бір тәулікте қалада 506 адам коронавирус жұқтырған.


Алматыда коронавирус жұқтырған 2775 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Инфекциялық стационарларда 2 775 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –5230), оның ішінде 109 бала емделуде», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінде. 



Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 266 адам жатыр. Ал 43 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 116 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 87 аппарат жұмыс істейді. 


Медициналық-санитарлық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 5718 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 5 572 науқас. 146 адамда коронавирус белгілері жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:48

11:15

11:12

10:56

10:36

10:24

09:46

09:23

08:41

19:31

17:45

17:16

16:24

16:10

15:40

15:15

14:50

13:46

13:15

12:40

12:07

11:45

11:05

10:49

10:45