Алматыда «CAREER TIME» кәсіптік фестивалі өтеді

Алматыда «CAREER TIME» кәсіптік фестивалі өтеді
Сурет: Innercircleestates.com

Онда мамандық таңдаудың қыр-сыры айтылады. 

QLab қалалық жобалар зертханасында 13 желтоқсан күні сағат 11:40-тан 17:00-ге дейін Абай, 90 мекенжайында «CAREER TIME» кәсіптік фестивалі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қатысушылар өз мансабын қалай құруды, мамандықты дұрыс таңдап, заманауи әлемде оны қалай іске асыруды, сонымен қатар жұмыс берушілер жас маманды жұмысқа қабылдау барысында неге мән беретінін біле алады. 

Бағдарламада TedX форматындағы спикерлер үлкен сахнадан мотивациялық баяндама жасайды, пайдалы шеберлік сыныптары, ЖОО көрмесі өтеді. 

Байланыс телефоны +7 775 444 67 26