Алматыда бүгінге дейін 264 268 адам онлайн санақтан өтті

Алматыда бүгінге дейін 264 268  адам онлайн санақтан өтті
Сурет: Kstnews.kz

15 қазанға дейін халық санағынан онлайн түрде өтуге болады

Бүгінге дейін қала тұрғындарының 86% - sanak.gov.kz платформасын, 10% - egov.kz сайтын, 4% - Aitu мобильді қосымшасын пайдаланып, сұрақтарға жауап берді.

Алматыда бүгінгі таңда 264 268 адам онлайн санақтан адам өтті.

Онлайн санақтан өту үшін ұялы телефоннан Aitu мессенджерін жүктеу арқылы жасауға болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. 

Содан кейін sanak.gov.kz мамандандырылған сайтындағыдай тіркеу және санақ сауалнамасының сұрақтарына жауап беру қажет.

Халық санағына 15 қазанға дейін онлайн режимінде қатысуға болады. Ал офлайн кезеңі 1-30 қазан аралығында өтеді.