Алматыда «Жасыл мектептер» бірегей жобасы басталды

Алматыда «Жасыл мектептер» бірегей жобасы басталды
Сурет: Наталья Глушаева

Жоба жыл бойы жұмыс істейді.

Қаладағы 16 мектепте көкөністер мен жемістер өсіруге арналған жылыжайлар пайда болады. «Көк қарлығаштардың» бірі бүгін Жетісу ауданындағы № 177 мектебінде ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Жасыл мектеп» білім беру экологиялық жобасын Болат Өтемұратовтың қоры қала әкімдігімен бірге жүзеге асырып жатыр. Жылыжайлардағы сабақтар мектеп бағдарламасын практикалық жаттығулармен толықтырады және балаларды табиғатты құрметтеуге үйретеді. Жаңа оқу жылында осы бастама бойынша 5-7 сынып оқушылары үшін факультативтік сабақтар өткізіледі.

«Жасыл технологиялар мен экологиялық ойлау - бұл біздің күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналатын әлемдік тенденция. Сондықтан балаларды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу және қоршаған ортаны құрметтеу ерте жастан бастап өте маңызды», - дейді Болат Өтемұратов қорының директоры Марат Айтмағамбетов. 

Ол жобаға өсімдік шаруашылығы, агрономия саласындағы ең жақсы мамандар, сондай-ақ Алматы облысының фермерлері тартылатынын, олар мектеп оқушылары мен мұғалімдерге өз тәжірибелерімен бөлісетіндігін атап өтті.

Барлық жылыжайлар заманауи тамшылатып суару, жылыту және жарықтандыру жүйелерімен жабдықталған. Жоба жыл бойына жұмыс істейді. Жаздың соңына дейін осындай жылыжайлар қаланың барлық аудандарындағы тағы 15 мектепте ашылады. Содан кейін жобаға Шымкент пен Нұр-Сұлтан қалалары қосылады.