Алматыда бір тәулікте 8 мыңға жуық адам вакцина алды

Алматыда бір тәулікте 8 мыңға жуық адам вакцина алды
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласында бір тәулікте 7 725 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

«13 қыркүйек күні 7725 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 3 085, II компонентін 4 640 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 13 қыркүйек аралығында қалада 913 607 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 809 747 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 115 210 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Қалада 160 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.