Алматыда бір тәулікте 6 мыңнан астам адам вакцина алды

Алматыда бір тәулікте 6 мыңнан астам адам вакцина алды
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласында бір тәулікте 6 402 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.


«30 қыркүйек күні 6 402 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 2 252, II компонентін 4 150 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 30 қыркүйек аралығында қалада 952 735 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 870 911 адам екінші компонентін салдырған. Олардың ішінде 118 172 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Қалада 149 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 214 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.