Алматыда бір тәулікте 4 мыңнан астам адам вакцина алды

Алматыда бір тәулікте 4 мыңнан астам адам вакцина алды
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласында бір тәулікте 4644 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«18 қазан күні 4644 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 1590, II компонентін 3054 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 18 қазан аралығында қалада 979 831 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 915 078 адам екінші компонентін салдырған. Олардың ішінде 119 807 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Қалада 160 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-ларында вакциналау пункті жұмыс істейді», - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.