Алматыда бір тәулікте 3 мыңнан астам адам вакцина алды

Алматыда бір тәулікте 3 мыңнан астам адам вакцина алды
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласында бір тәулікте 3446 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«22 қараша күні 3446 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін – 1941, II компонентін – 1505 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 22 қарашасы аралығында қалада 1 018 027 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 971 355 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 121 894 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Қалада 132 пункт жұмыс істеп тұр. 733 адамнан тұратын 205 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық саулық басқармасынан.