Алматыда бір тәулікте 12 471 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Алматыда бір тәулікте 12 471 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Сурет: Ria.ru

Қаламызда бүгінге дейін екпе салдырғандардың саны 628 132 адамға жетті. 


Алматы қаласында бір тәулікте 12 471 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

«14 шілде күні 12 471 алматылық вакцина салдырды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 14 шілдесі аралығында қалада барлығы 628 132 адам вакцина салдырды. Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілердің үлесі - 92 352», - деп хабарлады басқармада. 

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қалада 212 вакциналау пункті жұмыс істеп тұр. 1 260 адамнан тұратын 308 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылған. Қазір медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакциналау пункттері жұмыс істейді.