Алматыда бір күнде 3 мыңнан астам адам вакцина салдырды

Алматыда бір күнде 3 мыңнан астам адам вакцина салдырды
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласында бір тәулікте 3737 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz  қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

«26 қазан күні 3737 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 1448, II компонентін 2289 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 26 қазан аралығында қалада 989 921 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 931 567 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 120 268 адамның жасы 60-тан асқан», - деп хабарлады басқармадан.

Қалада 137 пункт жұмыс істеп тұр. 733 адамнан тұратын 205 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.