Алматыда бұзақылар 500-ге жуық көшетті тамырымен жұлып тастаған

Алматыда бұзақылар 500-ге жуық көшетті тамырымен жұлып тастаған Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Алып шаһар Алматы үшін экологияны жақсарту маңызды міндеттердің бірі. Сондықтан жасыл желектерді күтіп-баптауға ерекше көңіл бөлінеді. 


Дегенмен бұл еңбекті еш еткендер де бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


24.kz хабарлауынша, 14 қазан күні полицияға Солтүстік айналма көшесінің бойына отырғызылған жасыл желектерді қасақана жоюға қатысты арыз түскен. Тергеп тексеру барысында осы іске қатысы бар деген екі күдікті ұсталды. Бірі 38 жастағы Жетісу облысының тұрғыны. Ол бұған дейін есірткімен ұсталып істі болған. Екінші азамат 31 жаста.


«Олар заңсыз әрекеттер жасағанын мойындады. Қылмыстың нақты себебі тергеу барысында анықталады»,-деді полиция. 



«Жапырақты көшеттерді заңсыз жойған екі азамат анықталып, олар ҚК 340-бабы 3-тармағы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қазіргі таңда екі сезікті өз кінәларын толық мойындады. Жасаған іс-әрекеттерінің нақты себептері анықталып, қазіргі таңда материалдық шығынды өтеуге бағытталған іс-шаралар жүргізілуде», - дейді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 






Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58