Алматыда буллинг және отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі талқыланды

Алматыда буллинг және отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі талқыланды

Мақсат бұл мәселенің алдын алу.

2022 жылғы 25 наурыз күні сағат 15.00-де Алматы қаласы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы ғимаратында Алматы қаласы әкімдігі мен «Сенімен болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Бала тәрбиесі – буллинг және отбасындағы зорлық-зомбылық» тақырыбындағы дөңгелек үстелі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Шараға Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаттары Динар Нөкетаева, Дана Нұржігіт, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова, «Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы,  меценат, қоғам қайраткері Нұркен Асанов,  ұйым төрағасы Рахымбек Жолаев және бала құқығын қорғау жөніндегі заңгер, педагог, психолог, Алматы қаласындағы білім беру ұйымдарының ата-аналар комитеті мен қамқоршылық кеңес мүшелері  және кәсіби мамандар қатысты.

Дөңгелек үстел мақсаты отбасындағы буллинг және зорлық-зомбылық тақырыбындағы мәселелерді талқылау, алдын алу бойынша бірлесіп жұмыс жүргізу.

Сонымен қатар, жиналған қауым «Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Алматы қаласы бойынша филиалының ашулына қатысып, өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Айта кетейік, қазіргі таңда республикалық ата-аналар ұйымы еліміздің Шығыс Қазақстан, Павлодар, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында 10 филиалын ашылып, 15 мыңнан астам мүшесі, аудан, қалаларда өкілдіктері жұмыс атқаруда.