Алматыда бөтеннің мүлкін ұрлаудың 6 дерегіне қатысы бар екі адам ұсталды

Алматыда бөтеннің мүлкін ұрлаудың 6 дерегіне қатысы бар екі адам ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Алматыда ұрлықтың 6 дерегіне қатысы бар екеу ұсталды.

Олардың бөтен адамның мүлкін ұрлаудың кем дегенде алты дерегіне қатыстылығы анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Жедел іздестіру іс-шаралары барысында 26 жастағы А. есімді азамат және 22 жастағы Д. есімді азамат ұсталды. Ер адамдар ірі сауда үйінің бутиктерінен бірнеше ұрлық жасады деген күдікке ілінген. Тергеудің осы кезеңінде күдіктілердің осындай ұрлықтың 6 эпизодына қатысы бар екені анықталды. Ұсталған адамдар бұл қылмыстарға қатысы барын жоққа шығармайды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 2,3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілген. Екі жігіт қаланың басқа аудандарында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілетін болады. Қазір олар қамауда», – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.