Алматыда Бостандық ауданының тұрғындарына газ қайта берілді

Алматыда Бостандық ауданының тұрғындарына газ қайта берілді
Сурет: Ашық дереккөз

Алматының Бостандық ауданындағы газ тарату құрылғысынан шыққан ақау толық қалпына келтірілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы әкімдігінен хабарлағандай, қалпына келтіру жұмыстары бүгін сағат 18:00-де толық аяқталды.

Еске салайық, кеше қаланың Бостандық ауданында газ тарату құрылғысында апатқа қарсы қорғаныстың іске қосылуынан тұрғын үйлер көгілдір отынсыз қалған болатын.

Төтенше жағдай «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның авариялық-диспетчерлік қызметіне ақпарат 30 наурыз сағат 19:45-те түскен. Оқиға салдарынан төрт шағынауданның (Орбита-1,2,3,4) тұрғындары уақытша газсыз қалды.

«ҚазТрансГаз Аймақ» мамандары апат орнына барып, жедел шаралар қабылдады. Оның ішінде газ тарату пунктерінде кіру және шығу жолындағы бекіткіш арматуралар жабылып, қорғасынды пломбамен пломбаланды. Қауіпсіздік техникасының талаптарына сәйкес, түнгі уақытта жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмей, жұмыстар бүгін таңғы сағат 09:00-де басталған болатын.