Алматыда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді

Алматыда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді
Сурет: Islam.kz

Тіркелу сағат 10:00-ден басталады.

2022 жылғы 19 қазанда сағат 11:00-де Алматы қаласындағы Арбат (Жібек жолы – Панфилов) мекенжайында жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жәрмеңкені Алматы қаласы әкімдігінің техникалық қолдауымен «Алматы қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы» КММ ұйымдастырады.

Жәрмеңкенің мақсаты – жас түлектер мен жұмыс іздеушілер үшін жұмыс орындарының қолжетімділігін арттыру, лайықты үміткерлерді тарту арқылы жұмыс берушілерге жұмысқа қабылдау процесін жеңілдету және олардың жұмысқа орналасуына ықпал ету.

Жәрмеңкеге өнеркәсіп, өңдеу өнеркәсібі, сауда желілері, азық-түлік, медицина, фармацевтика және білім беру салаларының жұмыс берушілері қатысады.

Жұмыс берушілер үміткерлермен кездесіп, үміткерлер бос жұмыс орындарымен және талаптармен танысады. Үміткерлерге түйіндеме жіберу және алдын ала әңгімелесуден өту мүмкіндігі беріледі.