Алматыда бүлінген бейнебақылау камераларының барлығы қалпына келтірілді

Алматыда бүлінген бейнебақылау камераларының барлығы қалпына келтірілді
Cурет: Zakon.kz

Тағы 3 500 камераны ЖБО-на қосу жоспарлануда

Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бүлінген бейнебақылау камералары қалпына келтірілді, – деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

4-7 қаңтар аралығындағы тәртіпсіздіктер кезінде 75 «Сергек» кешені, бұл 304 бейнекамера, сондай-ақ РТРК ғимаратында орналасқан орталық байланыс орталығы, антенна және желілік жабдық істен шығарылды. Барлық зақымдалған камералар мен жабдықтар қалпына келтірілді.

«Жеке ВОЛС арналарына қосылуға арналған жеке жүйесі бар 1 103 камераны қамтитын «Бейнебақылау жүйелері» жобасы бойынша тәртіпсіздіктер кезінде 283 камера, сондай-ақ шкафтар мен тарату жабдықтары істен шыққан. Қазіргі уақытта бейнекамералар мен зақымданған қондырғылар қалыпты жұмыс істеп тұр»,-деді ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, 2022 жылы қалада орнатылған тағы 3 500 камераны ЖБО-на қосу жоспарлануда.