Алматыда бизнесті рейдерлік басып алумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Алматыда бизнесті рейдерлік басып алумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Сурет: Aikyn.kz

8 іс тергеліп жатыр 

Алматыда бизнесті рейдерлік басып алумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды. Олар 18 миллиард теңгеден астам залал келтірген. Бұл туралы Мемлекет басшысының қабылдауында болған Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа жеке меншікті қорғау және рейдерлік фактілерге жол бермеу үшін қабылданып отырған шаралар жөнінде баяндалды. Қазіргі уақытта 8 іс тергеліп жатыр. Атап айтқанда Алматыда бизнесті рейдерлік басып алумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды. Олар 18 миллиард теңгеден астам залал келтірген.